Құрметті, педагог-психолог! Бұл жерден Сіз бастауыш сыныптан негізгі орта буынға көшкен оқушылардан немесе мектептің кез-келген оқушысынан әлеуметтік ортаға бейімделуде қиындықтар байқасаңыз осы тиімді деп табылған әдіс-тәсілдерді қолдана аласыз!

1. Оқушылардың 5-сыныпқа бейімделуіне арналған психологиялық тренинг

Мақсаты:5-ші сынып оқушыларына психологиялық көмек беру

Міндеттері:
1. Оқу мотивациясының тұрақтылығын қалыптастыру
2. Балаларға өзін-өзі сенімді ұстауға және қорқыныш сезімдерін төмендету.
3. Ортамен қарым-қытынас дағдыларын қалыптастыру.

Оқушыларда қандай қиындықтар туындап жатқанын анықтау үшін, мынадай сұрақтардан тұратын сауалнама беріледі:

«Мектепке қарым-қатынасым» сауалнама
1. Сізге қай пән ерекше ұнайды?
2. Қай пәннен үй тапсырмасын орындағанда қиын? 3.Өзіңе ең жақын мқғалімің?
4. Сабаққа қандай көңіл күймен келесің?

«Социометрия» әдістемесі
Мақсаты: Оқушылардың өзара қарым-қатынастарын, тәрбиелей отырып, үнемі бір-бірімен жақсы байланыста болуға үйрету
1. Сыныпта кіммен бақылау жұмысына дайындалғың келеді?
2. Сынып оқушыларынан кімді туған күніңе шақырғың келеді?

«Н.Г. Лусканов» әдістемесі
Мақсаты: Оқушылардың оқу мотивациясын анықтау.
• Оқу іс-әрекет мотивациясы оқуға бағытталғандықтан, сонымен қатар таным белсенділігімен және іс-әрекеттілігімен ерекшеленеді.
• Оқушының жүріс-тұрысының мотивтерін білмей, оны тәрбиелеуге
болмайды.Өйткені сол бір мінеө-құлық, оқушыны ынталандыратын мотивтерге байланысты, түрлі қнегелі болуы мүмкін.
• 10 сұрақтың жауаптары 0-ден 3 балға дейін бағаланады (теріс жауап - 0 балл, бейтарап -1 балл, оң жауап - 3 балл). 30-25 балл жинаған оқушылар мектепке бейімделуінің жоғары деңгейін. 20-24 балл ортаңғы норманы, 15-19 балл ішкі мотивацияны, 10-14 балл және одан төменгі балл - мектепке деген теріс қарым- қатынасын, яғни мектеп дезадаптациясын көрсетеді.

Сауалнама сұрақтары.
1. Саған мектеп ұнайда ма немесе ұнамайды ма?
2. Таңертең сен ұйқыдан тұрғанда мектепке қуанышпен барасың ба, әлде үйде қалғың келеді ме?
3. Егер мұғалім мектепке ертең барлығыңның келуің шарт емес, келгісі келген оқушылар ғана келсін десе, сен коррекция сабаққа келесің бе, әлде үйде қаласың ба?
4. Кейбір сабақтың болмай қалуы саған ұнайды ма?
5. Саған үй тапсырмасын бермегенін қалайсың ба?
6. Сен сабақта үзілістің көп және үзақ болғанын қалайсың ба?
7. Сен ата-анаңа мектеп жайында жиі айтасың ба?
8. Саған мұғалімнің қатал болғаны ұнайды ма?
9. Сенің сыныпта достарың көп пе?
10. Сыныптастарың саған ұнайды ма?
Оқу мотивациясының динамикасын бағалау үшін сауалнамада сұрақтар қайталанып келеді. Оқу мотивация деңгейінің төмендеуі баланың мектеп
дезадаптациясының көрсеткішін, ал оның жоғарылауы - оқудағы және дамудағы оң динамикасын білдіреді.


«Менің сыныбым» әдістемесі. Суретте сендердің сыныптарың көрсетілген.
Осы суреттегі оқушылар ішінен өзіңді тауып ал да, атыңды жаз.Содан соң суреттен өзіңнің досыңды тап та, атын жаз.

Нұсқау: «Балалар! Суретте сендердің сыныптарың көрсетілген. Ортанғы орындықта апайың(мұғалім)отыр,апайдың айналасындағы оқушылар

өздерінің жұмыстарымен шұғылдануда. Ал, қалған балалар ауланың сыртындаойын ойнауда. Осы суреттегі оқушылардың ішінен өзіңді тауып алып белгілеп,жанына өзіңнің аты-жөніңді жаз. Өзіңді белгілеп болған соң суреттен өзіңнің досыңды тапта жанына аты-жөнін жаз».

Талдау нәтижесі:

1. «Мұғалімнен алыста» позициясында тұрған болса – баланың сынып ұжымына бейімделуінде қиындықтардың бар екенін көрсетеді.
2. Өзге баллармен өзін теңестіру, жұп болып тұруы, ойыншылармен бірге – баланың бейімделуі жақсы деңгейде.
3. Мұғаліммен бірге: бала үшін мұғалімнің маңыздылығы ерекше екендігі.
4. Ойын позициясы: оқу позициясымен сәйкес келмейді.

 

1. Жаттығу «Сиқырлы ғажайып орман»

Мақсаты: Эмпатия мен сенім секілді сезімдерді жетілдіру.

Барысы: Қазір біз ғажаптарға толы, жайдарман әрі сиқырлы орманға айналамыз. Екі топқа бөлінеміз: орман-тоғай болып екі қатарға тұрамыз. Біздің қолдарымыз – орманда серуендеп келе жатқан адамды нәзік, абайлап қана сипалайтын ағаштардың бұтақтары болады. Ал енді барлықтарыңызды бір-бірден осы сиқырлы орман ішінен өтуге шақырамыз, ал қалғандарың серуендеуші адамның басынан, қолынан, арқасынан сипалап, сиқырлы ағаштар болуға шақырамыз. Сараптама:

Орман ішінен өткенде, басқа қатысушылар сізді сипағанда қандай сезімде болдыңыз?

Сиқырлы ағаштар болғаныңызда қандай сезімде болдыңыз?

Жаттығуға дейінгі және жаттығудан кейінгі сезімдеріңізбен бөлісіңіз?

 

2.Тренинг тақырыбы: «Жеміс-жидек»

Тренинг мақсаты: Ұжымға, топқа келген бөтен адамға бейімделуіне көмектеседі.

Жеміс-жидектер аттарын айтып шығады. Алдында айтылып кеткен жеміс-жидек қайталанбауы керек. Барлығы өзіне жеміс-жидек таңдап болғаннан кейін, қатысушылардың ішінен өз еркімен бір адам ортаға шығады да, осы топтың ішіндегі айтылған жеміс-жидектерді қайталап шығады. Егер қайталай алмаса, ойынға қатысушылар айыппұл төлеуін талап етеді. Егер қайталай алса, онда ол адамға қошемет көрсетіледі. Бұл жаттығудың бөлігінде есте сақтау, зейінмен жұмыс істейді. Жаттықтырушы ортада тұрады, ал топтың ішіндегі қатысушылардың біреуі ойынды бастайды.

Тренингке қатысқандарыңызға көп-көп рахмет, –  деп тренинг аяқталады.

 

3.Тренинг тақырыбы: «Карусель»

Тренинг мақсаты: Бұл ойын әрбір адамның сауаттылығын, мінез, көңіл-күйін, салауаттылық қабілетін өзгерте білуіне, салауаттылық арқылы өзгелермен еркін араласу қабілеттерінің дамуына көмектеседі.

Тренинг барысы: Топ мүшелері екіге бөлінеді: Бірінші топ ішкі, екінші топ сыртқы болып бөлініп екі шеңбер жасайды. Жетекшінің берген белгісі бойынша олар тоқтайды да екеуден ішкі топ және сыртқы топ бір-біріне қарсы тұрған адамдар бірігеді. Әрбір топқа кезекпе-кезек жетекші белгілі бір роль беруі керек. Мысалы: сатушы – сатып алушы, мұғалім – оқушы, дәрігер – қаралушы, жол полициясы – жүргізуші, әкесі – баласы, анасы – қызы. Бұл ойын әрбір адамның өзінің мінезін, көңіл-күйін, салауатты өмірге қабілетін өзгерте білуіне, осы арқылы өзгелермен еркін араласу қабілетінің дамуына көмектеседі.

 

4.Тренинг тақырыбы: «Өзін-өзі таныстыру»

Тренинг мақсаты: Топтағы адамдармен танысу және қандай көзқараспен қарайтынын, топқа өзін қалай ұстайтынын бақылау.

Тренинг барысы: Адамдарды шеңберге тұрғызып, бірін-бірі қолдарын ұстап тұрып өзінің атын айтады да, оны кім қойды, оның шығу тарихын, өзінің атының қандай мағына беретінін айту. Атының бас әрпіне байланысты қандай жақсы қасиеттерді жатқызуға болады, соны айтады. Енді алақан сипаған кезде қандай сезімде болдыңыздар. Алақан сипаудың да өзіндік психологиялық ерекшеліктері бар екен. 

 

5.Тренинг тақырыбы: «Қарым-қатынас»

Оқушылардың қарым-қатынасқа деген қажеттілік деңгейін анықтау, қарым-қатынас өрісін дамытып, қарым-қатынас орната алу қасиетін қалыптастыру үшін тренинг ұйымдастыруға болады. Өйткені, қарым-қатынас – бұл адамдардың бір-бірімен білімдерін, тәжірибелерін, пікірлерін алмастыру мақсатындағы әрекеттері. Қарым-қатынас адамның өзін адам екенін сезіну үшін қажет. Сондықтан мен «Сенімен қарым-қатынас жасау жағымды ма?» тақырыбында тренинг өткізіп, онда оқушыларға «Қарым-қатынас жасай білесіңдер ме, оны өздеріңнің құрбыларың жақсы біледі, ендеше сендер қарым-қатынаста қандайсыңдар?» деген сауалдар қойылды. Оны тест ойыны арқылы анықтауға тырыстық.

Шарты: Тренингке қатысушылардың әрқайсысында қатысушы бала санына қарай парақ қағаз болуы керек. Кесте бойынша әр баламен қалай қарым-қатынас жасайсыз, бағалайсыз.

Кесте:

+2 – сенімен қарым-қатынас жасау өте жағымды.

+1 – сен қарым-қатынаста ашықсың.

0 – білмеймін, сенімен көп қарым-қатынас жасамаймын.

–1 – сенімен қарым-қатынас жасау кейде жағымсыз.

–2 – сенімен қарым-қатынас жасау өте қиын.

Қатысушы әр бала түгеліне дерлік бағалауы қажет. Әр қағаз бүктеліп, бағаланған адамның аты жазылып өзіне беріледі.

Әркім бағалап болған соң – тер мен – тер жеке саналып есептелінеді. Соңынан балалардың өз пікірлері тыңдалады. Соның нәтижесінде сынып ішіндегі қарым-қатынаста жағымды, жағымсыз балалар анықталады.

Жаттығу: Сол жағыңда тұрған балаға қолыңды беріп, сенімен қарым-қатынаста өте қуаныштымын деп қолынан ұстап, ол бала қасында тұрған балаға осы сөзді айтып әрі қарай жалғаса береді де бүкіл балалар қол ұстасып шеңбер құрады, содан соң бәрі де бір дауыспен «бір-бірімізбен қарым-қатынаста өте қуаныштымыз» деп айтады.

Әрдайым жылы шыраймен, күлімдеп адамдармен қарым-қатынас жасасаңыз, қарым-қатынас сәтті болмақ.

Бүгінгі сабақтан не өзгертер едің? – деген сұраққа байланысты балалардың пікірі тыңдалады.

Тиімді әдіс-тәсілдер